8 қазанда «Қызылорда – Семей» жолаушылар пойызында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
8 қазан күні сағат 02:45-те көлік полициясына Жамбыл облысының
«Бурный – Сурым» аралығындағы «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының электр қондырғысы өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына көлік полициясының жедел-тергеу тобы жіберілді. Жанған вагонның екі жағындағы вагондар қоршауға алынып, 34 жолаушы қауіпсіз жерге шығарылды.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.