• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Үкімет 10 Қазан, 2022

Қостанай облысын қалпына келтіруге қанша қаржы бөлінді

148 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендердің барлығы қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Қостанай облысында орын алған табиғи өрттер жойылды және олар бойынша техникалық тексерулер жүргізілген 91 тұрғын үй қалпына келтіруге жатпайды. Апат салдарын жою мақсатында Үкімет 2,27 млрд теңге сомасында қаражат бөлді (Үкіметтің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі қаулысы 672), олар 91 тұрғын үй (жалпы ауданы 100 шаршы метр бір қабатты төрт бөлмелі тұрғын үйлер) және өрт салдарынан зардап шеккендер үшін инженерлік инфрақұрылым салуға бағытталған», деп жазды Әлихан Смайылов депутаттар жолдаған сауалдың жауабында.

Үкімет басшысы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ және «Мемсараптама» РМК институттары тұрғын үйлер мен инженерлік желілердің жобаларын әзірлегенін айтты.

«Барлық үйлер қажетті инфрақұрылыммен, яғни сумен, газбен, электрмен жабдықтаумен, сондай-ақ кірме жолдармен қамтамасыз етіледі. Қостанай облысы әкімдігінің ақпараты бойынша бүгінгі таңда 13 мердігер ұйымның күшімен тұрғын үйлер мен инженерлік желілердің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде», деп қосты Министрлер кабинетінің басшысы.