• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2022

Жастарға артылар жүк ауыр

2653 рет
көрсетілді

Достық пен татулықтың темірқазығын жастар бекемдемек. Алғаш рет Тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының ұйытқы болуымен өткен жастар форумына қатысушылар осылай деп отыр.

Түркістан облысы Мақтаарал ауда­нында өткен іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төра­ғасының орынбасары – Қазақстан Респуб­ли­касы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Тәжік­тер­дің республикалық этно­мә­­дени ор­талығының төрағасы Акбаржан Исмаилов, этномәдени ор­та­лықтың бар­лық аймақтағы филиал төрағалары мен мүшелері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – этнос­тар тығыз қоныстанған жерлерде жас­тар­дың әлеуметтік мәселесін шешу, мем­ле­кет­тік бағдарламаларды жү­зе­г­е асыру. Форумға қатысушылар эт­нос­тық тегіне қарамастан қазақ ж­е­рін­де туғандарын мақтан тұтатын­да­рын, Қа­зақ­станнан басқа Отаны жоқ екенін атап өтті.

Жастарға артылар жүк, олардан күтер нәтиже көп. Басқосуда достық, сыйластық, татулықты ны­ғай­ту бағы­тын­да тұщымды ойлар айтылды. Пре­зи­денттің Жолдауда басымдық берген бағыт­та­рын талқылады.

«Елдің ертеңі – жастар. Мемлекет бас­шысы студенттердің барлық мә­се­лесін Жолдауда назардан тыс қал­­дыр­мады. Жатақхана, оқу ақысы, оқу орындарына талаптың күшейетінін атап өтті. Мұның барлығы жастардың бо­ла­шағы үшін жасалып жатқан қа­дамдар. Бірлігіміз бекем болып, елдің дамуына жұдырықтай жұмылып атсалысайық», деді М.Әзілханов.

Форумда «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Жұмырбаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мем­лекет­тік университетінің проректоры Р.Әбішева, «Тәжіктердің рес­пуб­ликалық этномәдени орталы­ғы» республикалық қоғамдық бір­лес­ті­гі Жастар қа­натының төрағасы Б.Хидиров сөз сөйлеп, жас­тар­ға моти­ва­циялық кеңестерін айтты. Озық ойлы, бәсекеге қабілетті болуы үшін жастардың сапалы білім алуы маңыз­ды­лығына тоқталды. Әрқайсысы өз тәжірибесімен бөлісті, жетістікке жетудің жолдарын көр­сетті.

«Біз – Көк Тудың астында берекелі бірлік пен тату тірлікті қалып­тас­тыр­ған, болашағы жарқын ха­лық­пыз. Осы сөзді жиі айтамыз. Меніңше, «қазақ еліне қарыздармыз, қинал­ған­да бір үзім нанын бөлісті», деген жаттанды ұран іспеттес. Ал­ғы­сымызды осындай келелі іспен дәлел­деп, бар­лығымыз атсалысып, бір­ліктің бекемдігін көр­сетейік», деді Тәжіктердің республикалық эт­но­мәдени орталығының төрағасы Акбаржан Исмаилов.

Алғаш рет ұйымдастырылған форумнан жастар айтарлықтай жігер алды, алдағы міндетті жұдырықтай жұмылып атқаруға уағдаласты.

 

Түркістан облысы