Партиялық емес байқау орталығының Республикалық штабының төрағасы Төлеген Қүнәділов Алматы облысы бойынша филиалдың өңірлік үйлестірушілерімен және өңірдің азаматтық секторының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында штаб төрағасы Орталықтың және оның өңірлік өкілдіктерінің алдағы президент сайлауындағы, ең алдымен, қазақстандықтардың сайлау құқықтарын сақтауға бағытталған басты міндетін атап өтті.
Төлеген Күнәділов байқаушыларды даярлау жөніндегі жұмысы туралы айта келе, сайлауалды кезең ішінде сайлау заңнамасының сақталуына тиімді мониторинг жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Ол орталықтың аймақтық үйлестірушілері мен ҮЕҰ серіктестерін байқаушыларды даярлау және практикалық тәжірибе алмасу мәселелерінде ынтымақтастыққа шақырды.
Кездесуге қатысушылар бірыңғай мақсат – әділ дауыс беру, заңның сақталуы, сайлаудың адалдығы мен ашықтығы екенін атап өтті.
Қарасай ауданының «Желтоқсан ақиқаты» ҚБ басшысы Сәкен Шаймолдаев ұсынылған бастамаларға қолдау білдіріп, тығыз ынтымақтастық қоғамдық байқаушыларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Өз кезегінде «Ауғанстандағы соғыс ардагерлері одағы» ҚБ басшысы Қанат Молдабергенов бірлескен диалогқа қызығушылық танытты.
«Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдары мен әскери қақтығыстарға қатысушылар» ҚБ Алматы облысы және Қонаев қаласы бойынша филиалының басшысы Серік Сәрсембаев байқаушыларды даярлауда Партиялық емес байқау орталығымен және басқа да ҮЕҰ-мен өзара тәжірибе алмасудың тиімділігін атап өтті.
Партиялық емес байқау орталығы штабының төрағасы Төлеген Күнәділов Қонаев қаласында Алматы облысының аудандық үйлестірушілерін «Дауыс беру барысын бақылау: теория және практика», «сайлау процесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері» тақырыптарында оқыту өткізді.
Оқыту тиімді өтті, оның ішінде сұрақ-жауап форматында, сондай-ақ практикалық мысалдарды талдауда қатысушылар белсенділік танытты. Жалпы, тренингте сайлау процесінің құқықтық аспектілері, референдум мен президент сайлауы кезеңіндегі сайлаудың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы түсініктер берілді. Жергілікті жерлерде стационарлық және мобильді байқаушыларды оқытуға ерекше назар аударылды, бұл үшін аудандық үйлестірушілер қажетті әдістемелік көрнекі материалдар және әзірлемелермен қамтамасыз етілді.
Оқытудың негізгі тақырыбы таңдалған процестің тұрақтылығы мен әділдігі, байқаушылардың қызметін бақылау және үйлестіру құралдары арқылы заңдылықты сақтау болды.