• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қаржы 11 Қазан, 2022

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер аталды

217 рет
көрсетілді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында биылғы тоғыз айда республикалық бюджеттен 12,9 триллион теңге жұмсалғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік бюджет шығысы – 96,2%-ға, республикалық – 96,3%-ға, жергілікті бюджеттер – 97,9%-ға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 12,9 триллион теңгеге шығыс жүргізілді. Атқарылмаған бюджет қаражаты 494 млрд теңгені құрады, оның 9 млрд теңгесі үнемдеу есебінен болды. Игерілмеген қаржы 485 млрд теңгені құрады», деді Ерұлан Жамаубаев.

Министрдің айтуынша ең көп қаржы игерілмей қалған Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Ішкi iстер, Мәдениет және спорт министрліктерінде.

«Игерілмеудің негізгі себептері: қайта құру процесі, орындалған жұмыстар актілерінің, шот-фактуралардың уақытылы ұсынылмауы, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілердің уақытылы қабылданбауы, нақты көрсетілген қызметтердің көлеміне ақы төлеу», деп түсіндірді министр.