Қазақстан Хорватияда стендтік атудан өтіп жатқан Әлем чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандастарымыз аралас командалар арасында «скитте» үшінші орынды иеленді. Бұл ойын түрінде ел намысын Әсем Орынбай мен Эдуард Ищенко қорғады.
Жеңіс тұғырының шыңына Ұлыбритания шықты. Ал Италия екінші орынға жайғасты. Тағы бір қола медальді Франция спортшылары еншіледі.