• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Саясат 12 Қазан, 2022

Жұртшылықпен жүздесті

164 рет
көрсетілді

«Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Халық Қаһарманы, армия генералы Мұхтар Алтынбаев Қостанай облысының Қарасу ауданына барып, жергілікті халықпен кездесу барысында алдағы кезектен тыс президент сайлауының мән-маңызы жайлы пікір алмасты.

Өңірге сапары барысында Мұхтар Алтынбаев жергілікті атқарушы орган­дар­дың өкілдері, педагогтер, кәсіпкерлер, спорт жат­тықтырушылары, жас­тар және оқушылармен бірқатар кездесу өткізді.

Ол мемлекеттік тілде білім беретін мектеп мұға­лім­дерімен кездесті. Оқу орны­ның директоры Айгүл Арынғазина қарасу­лықтар үшін қазақ тілінде білім беретін мектептің ашылуы жергілікті тұрғындар үшін ма­ңызды екенін айтып, қонақ­ты оқушыларға білім беру және дамыту үшін жа­сал­ған шарттармен таныс­тырды.

Кездесу барысында Мұх­тар Қапаш­ұлы қара­су­лықтарға «Қарулы күш­тердің арда­герлері» РҚБ Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президенттікке ұсын­ға­нын хабарлады. Ол Мем­лекет басшысының демократия­лық бастамаларын, заңдылық пен әді­лет­тілік қағидаттарын бекі­ту­­ге бағытталған дәйек­ті сая­­сатын атап өтті. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Бере­келі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын­дағы көтерілген бастамаларды, рефор­маларды түбегейлі іске асыру үшін жалпы­халықтық қолдау қажет», деді генернал.

Халық Қаһарманы Же­ңіс саябағы мен «Жеңіс» орта­лық стадионына барды. Спорттық нысанда Мұхтар Алтынбаев жас футболшылармен және жеңіл атлеттермен әңгімелесіп, әскер, Отан алдындағы борыш жайлы сөз қозғады. Балалардың спортқа деген құштарлығын мақұлдап, «бұл олардың дамуы мен жеке қалыптасуына негіз болады» деді.

– Отанды сүйіңдер, әскер­де қызмет етуге және елді қорғауға әр кез дайын бол­ыңдар, – деді жастарға Мұхтар Қапашұлы.

«Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ басшысы Қазақ­стан Республикасы Тәуел­­сіз­дігінің 30 жылдығы­на орай ашылған саябақ­та да болды. Ондағы көрнекті орын – Еңбек ерлері аллея­сы. Мұнда ол әкімдік­тің өкіл­дерімен, кәсіп­керлермен және Қарасу ауылдық окру­гі­нің белсенділерімен әңгімелесті.

Өз кезегінде аудандық мәслихаттың хатшысы Серік Қажиев пен оның сайлау органы бойынша әріпте­сі аудандық ауру­хананың бас дәрігері Владимир Голу­бев Қарасу ауылының әлеумет­тік-эконо­мика­лық даму жос­парларымен бөлісті.