• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 12 Қазан, 2022

Жолдастық кездесу

402 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құра­масы қараша айында Ташкентте Өз­бекстан футболшыларымен жолдас­тық матч өткізеді. Бұл туралы Қа­зақ­стан футбол федерациясының бас­пасөз қызметі хабарлады.

«Өзбекстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңіне дайындық үшін жақсы қарсылас деп санаймын. Жаттықтырушылар штабы үшін көп мәлімет жинауға мүмкіндік береді. Өзбекстанда мықты футболшылар көп. Сол себепті осы ойында Еуропа чемпионатының алдағы іріктеу кезеңінде үміт артатын футболшыларды бір тексеріп аламын деп ойлаймын. Өте қызықты ойын болады деп үміттенемін», дейді Магомед Адиев.

Айта кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары бұған дейін жасыл алаңда алты рет кездескен. Оның біреуінде жерлестеріміз, екі матчта Өзбекстан футболшылары же­ңіске жеткен. Ал үш ойын тең есеппен аяқ­талған. Қазан айындағы ФИФА рейтингі бойынша Өзбекстан құрамасы 77-орында тұр. Қазақстан 113-орынға жайғасқан. Екі құрама ара­сындағы жолдастық матч осы жылдың 16 қарашасында Ташкенттегі «Пах­такор» стадионында өтеді деп жоспарланған.