«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.
Сондай-ақ рәсім барысында Қазақстан мен Түркияның әнұрандары орындалды.