• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Қазан, 2022

Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендей бастады

276 рет
көрсетілді

Қазақстанда пәтерлерді жалға беру бағасы төмендей бастады, деп хабарлайды krisha.kz.

«Ресейде мобилизация басталғаннан кейін, Қазақстанда пәтерді жалға беру күрт қымбаттаған еді. Енді міне, қалалардағы жалға берілетін пәтерлер бағасы төмендей бастады», делінген сайттағы материалда.

Мониторингке сәйкес, 5-12 қазан аралығында Петропавл, Ақтөбе, Павлодар, Орал, Астана, Қостанай, Атырау қалаларында баға – 10%-ға төмендеген.

Ал Алматы, Ақтау, Қарағанды, Өскемен, Шымкент қалаларында керісінше қымбаттаған динамиканы көруге болады. 

«Алматыда әзірге төмендеу байқалмады, бұл ішінара нарықтың өзгеруінен және арзан пәтерлердің тапшылығына байланысты», деп көрсетілген.