Нидерланд пен Польшаның бірнеше қаласында өтіп жатқан волейболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан құрамалар белгілі болды.
Ширек финалда Италия Қытай волейболшыларынан 3:1 есебімен айласын асырса, АҚШ Түркияны үш сетте де тізе бүктірді – 3:0. Ал Бразилия мен Жапония арасындағы бәсекенің алғашқы екі партиясында Күншығыс елінің өкілдері 18:25, 18:25 есебімен алда тұрғанымен, үшінші сетте 25:19 есебімен жол берді. Қосымша екі сетте Бразилияның бағы жанды – 27:25, 15:13. Қорытынды есеп – 3:2. Сондай-ақ Сербия мен Польша арасындағы бәсеке де дәл осындай есеппен Сербияның пайдасына аяқталды.
Енді жартылай финалда қазіргі әлем чемпионы Сербия Токио Олимпиадасының жеңімпазы АҚШ құрамасымен шеберлік байқасады. Екінші матчта Италия мен Бразилия финал жолдамасын сарапқа салады.