• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Қазан, 2022

Әскерге шақырылғандардың 80%-ы борышын өтеуге бармаған

626 рет
көрсетілді

2021 жылдың дерегі бойынша, 18 бен 27 жас аралығындағы қазақстандықтардың 19,4 пайызы әскерге  аттанса, шақырылған азаматтардың 80,6 пайызы әскери қызметке бармаған. Бұл туралы ranking.kz порталында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, 2017-2021 жылдар аралығында  Қазақстан Республикасы бойынша әскерге шақырылғандардың 15,7 пайызы ғана алынған.

Жыл сайын төмендеп отырған бұл көрсеткіш соңғы бес жылда 100 мыңға азайған.

2017 жылы – 277 мың болса, 2021-де олардың саны –  165 мыңды құраған.

 

Мамандардың айтуынша, бұл алаңдатарлық жағдай. Егер үрдіс осы деңгейде жалғаса берсе, әскери қауіп төнген жағдайда Қазақстан кадр тапшылығынан зардап шегуі мүмкін.