• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Саясат 13 Қазан, 2022

ОСК Бақыт Жаңабаевтың құжаттарын тексерді

395 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы заңның барлық талаптарына сәйкес келетіні хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Отырыста Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкестігі қаралды.

«2020 жылдың 3 қазанында Бақыт Жаңабаев «Қазақстан футбол әуесқойлары лигасы» қоғамдық ұйымынан ҚР Президенттігіне кандидат болып ұсынылды. 11 қазанда үміткер ретінде тіркелу талаптарына сәйкес құжаттар ұсынылды. Кандидат Бақыт Жаңабаевқа қатысты ОСК «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес ІІМ-ге, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика комитетіне, ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігіне және ҚР Әділет министрлігіне сауалдар жолдады. ҚР ІІМ ұсынған мәліметтерге сәйкес кандидат туу бойынша ҚР азаматы болып табылады, Қазақстанда соңғы 46 жыл тұрады. Лингвистикалық комиссияның 2022 жылғы 13 қазандағы қорытындысына сәйкес мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Жоғары білімі бар. ҚР Мемлекеттік қызмет агенттігінің мәліметтері бойынша мемлекеттік қызметте 21 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Кандидат Бақыт Жаңабаев заң талаптарына сәйкес келеді», деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі С. Мұстафина.