• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 14 Қазан, 2022

Жалғас АҚШ-та жұдырықтасады

220 рет
көрсетілді

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең бе­делді – UFC ұйымында өнер көрсе­тетін қазақстандық спортшы Жалғас Жұ­мағұловтың (14-7) келесі айқасы қашан өтетіні белгілі болды.

 

UFC кештерінде 5 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана жеңіске жеткен отандасымыз Жалғас Жұмағұлов осы ұйымдағы алтыншы айқасын 19 қарашада америкалық Чарльз Джонсонмен (11-3) өткізетін болды. Бұл туралы UFC-дің әлеуметтік желідегі ресми парақ­шасы мәлімдеді. Ч.Джонсон ең кейінгі кез­десуін Англияда жергілікті спортшы Мухам­мад Мокаевпен өткізіп, үш раундтың қоры­ты­ндысы бойынша төрешілердің бір­ауыз­дан шы­ғарған шешімімен жеңіліп қал­ған еді.

Жұмағұлов пен Джонсон арасындағы кездесу АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында орналасқан (Невада штаты) UFC Apex аренасында өтеді деп жоспарланған. Қазақстандық файтер 2020 жылдың шілдесінен бастап америкалық промоушенмен келісімшартқа отырып, осы ұйым аясында жұдырықтасып келеді.