• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 14 Қазан, 2022

Плей-оффтағы бес клуб

310 рет
көрсетілді

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі төртінші тур ойындары мәресіне жетіп, доп додасының келесі кезеңіне шыққан бес команда белгілі болды.

 

Атап айтар болсақ, А тобында өнер көр­сетіп жатқан Италияның «Наполи» командасы төрт турда 12 ұпай жинап, екі тур бұрын плей-офф жолдамасын иеленді. Сондай-ақ

В тобындағы Бельгияның «Брюггесі» Мадрид­те «Атлетикпен» тең ойнап (0:0), өз тарихында тұңғыш рет 1/8 финалға шықты. С тобындағы «Бавария» да қатарынан төрт ойында жеңіске жетіп, плей-офф мәселесін шешіп қойды.

Сонымен қатар Чемпиондар лигасының биылғы жеңімпазы Мадридтің «Реал» (F тобы) және Англияның «Манчестер Си­тиі» (G тобы) де 100 пайыздық көрсет­кіш­пен мерзімінен бұрын плей-офф сатысына жолдама алды.