Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей әуе рейстері ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Вьетнамдық әуе компания VietJet Air 2022 жылдың 25 қазанынан бастап Алматы-Нха Транг бағыты бойынша аптасына 2 рейс (сәрсенбі, сенбі) орындайды, бұл туралы екі елдің авиация өкілдері кездесуінде айтылды.
Сондай-ақ 25 желтоқсаннан елордадан ұшатын, Астана-Нха Транг бағыты бойынша да аптасына 2 рейс (дүйсенбі, бейсенбі) қосылғалы отыр.