Алматыдағы лицейлердің бірінде оқушының өз-өзіне қол жұмсауға тырысқаны және жан сақтау бөлімінде жатқаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Аталған дерек бойынша тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша бұған ата-анасымен болған жанжал себеп болуы мүмкін. Жағдайлар мен себептер анықталуда. Қыз ауруханада. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ», деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті.