Көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай жол жақтауына соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Pavlodarnews.kz сайты апат туралы хабарлама бүгін сағат 11:23-те түскенін жазды.
- Жедел жәрдем бригадасы оқиға орына 5 минутта жетті. 30 жастан асқан адамда ашық ми жарақаты, ауыр дәрежеде мидың шайқалуы, маңдай және самай сүйектердің, екі білектің сынғаны анықталды. Сондай-ақ церебральды кома және үшінші дәрежелі аралас шок тіркелді, - деді Облыстық жедел жәрдем станциясының мамандары.Зардап шеккен адам №1 қалалық аурухананың политравма бөлімшесіне жеткізілді.