• RUB:
    5.45
  • USD:
    465.52
  • EUR:
    498.2
Басты сайтқа өту
Теннис 17 Қазан, 2022

Александр Бублик үздіктер қатарына енді

151 рет
көрсетілді

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) спортшылар рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Sports.kz жазғандай, үздік үштік өзгеріссіз қалды: бірінші орын испандық Карлос Алькарасқа тиесілі, екінші орында оның отандасы Рафаэль Надаль тұр, үшінші орында норвегиялық Каспер Рууд тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик бес позицияны артқа тастап, 38-орынға тұрақтады. Тимофей Скатов алты сатыға төмен түсіп, 158-орынға түсті.

Жұптық сайыста америкалық Раджиев Рам көш бастап тұрса, британдық Джо Солсбери мен голландиялық Уэсли Кулхоф үшінші орында.

Қазақстандық Андрей Голубев 52-сатыдан 54-сатыға шегінді, ал Александр Недовесов 61-сатыға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар