Қазақстан Мәскеуден Астанаға ұшатын рейстің орындалуына рұқсат берген жоқ, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Азимут авиакомпаниясының жолаушыларына «Қазақстан Республикасының рейсті орындауға рұқсат бермегені» туралы хабарлама келіп түскен.
Внуково әуежайының онлайн таблосына сәйкес, А4 7003 рейсі Мәскеуден Қазақстан астанасына кеше сағат 22:50-де ұшуы керек еді, бірақ ол тоқтатылды.