• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 17 Қазан, 2022

Орал-Атырау тас жолында жол апаты болды

385 рет
көрсетілді

Оқиға 17 қазан күні сағат 12:45 шамасында Орал-Атырау тас жолының 3-шақырымында болды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Lada Granta мен Toyota Camry көліктері соқтығысып, салдарынан Lada Granta жүргізушісі қаза тапты, төрт адам зардап шекті.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Granta көлігін 1981 жылы туған ер адам, Camry көлігін 2002 жылы туған ер адам басқарған.

«Оқиға салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, төрт адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», делінген БҚО полиция департаментінің хабарламасында.