Сот «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-нің бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен «AlanParking» ЖШС бұрынғы бас директоры Мұхтар Базарбаевты қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 14 қазандағы қаулысымен сот шешімі Пірінбековты қамауда ұстау мерзімін 15 қарашаға дейін жеті айға ұзарту туралы санкция өтініші қабылданды», делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ 2022 жылғы 23 қыркүйекте қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу органдары Базарбаевты қамауда ұстау мерзімін жеті айға, яғни 26 қазанға дейін ұзарту туралы санкция өтінішін қанағаттандырды.
Осы жылдың сәуір айында «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-нің бұрынғы директоры Марат Пірінбеков пен «AlanParking» ЖШС-нің бұрынғы басшысы Мұхтар Базарбаев екі айға қамауға алынды. Содан кейін олардың қамау мерзімі ұзартылды.