Ақтауда құны 33 мың теңгені құрайтын сағыз ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
9 қазан күні Ақтау қаласында орналасқан супермаркет желілерінің бірінен 180 дана сағыз қолды болды. Анықталғандай, екі жігіт касса жанындағы сөреден 6 қорап «Оrbit» сағызын ұрлаған. Жәбірленушілерге келген шығынның жалпы сомасы 33 000 теңгені құрайды.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 29 және 30 жастағы күдіктілерді ұстады. Аталған дерек ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.