• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Қазан, 2022

Семейде 8 жастағы қызды автокөлік қағып кетті

269 рет
көрсетілді

Абай облысының Полиция департаменті қайғылы оқиға 18 қазан күні сағат 18:33-те болғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Lada автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбей, 2015 жылы туған қызды қағып кеткен. Қыз бала алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Осы факті бойынша ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзуы).

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеп-тексеру барысы туралы және өзге де мәліметтер жария етілмейді.