• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Қазан, 2022

Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін қызметтен босатты

103 рет
көрсетілді

Украина президенті Владимир Зеленский Петр Врублевскийді Ресей азаматтарына қатысты айтқан сөздерден кейін Украинаның Қазақстандағы елшісі қызметінен босатты, деп хабарлайды Egemen.kz

Тиісті Жарлық Украина президентінің сайтында жарияланған.

«Петр Юрьевич Врублевский Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», делінген Жарлықта.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Врублевскийдің сұхбатынан үзінді тарап, қоғамдық резонанс тудырған еді. Видеода Врублевскийге «Украинадағы жағдай туралы не айта аласыз?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа елші «Біз оларды мүмкіндігінше көп өлтіруге тырысамыз» деп жауап берді.