• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қазан, 2022

Президент апатты үйлерді қаржыландыруды тапсырды

168 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Үкіметке тұрғын үй құрылысы мен тозығы жеткен тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайтуды тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Аймақтың алдында теңгерімді аумақтық дамуға қол жеткізу бойынша маңызды міндет тұр. Бұл жұмыстағы негізгі көрсеткіштер азаматтардың негізгі әлеуметтік қызметтерге тең және кең қолжетімділігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсарту. Жыл басынан бері облыста 686 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгенімен, тұрғын үй мәселесі өңірдің өткір мәселелерінің бірі болып қалып отыр. Бір ғана облыстағы саяжайларда 180 мыңнан астам адам тұрақты тұрады», деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қалада тозығы жеткен тұрғын үйлердің көп екендігін атап өтті.

«Облыста апатты жағдайдағы тұрғын үйлер көп. Сондықтан Үкіметке тұрғын үй құрылысы мен тозығы жеткен тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстарын қаржыландыруды ұлғайту тапсырылды», деді Президент.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігіне заңсыз қоқыс үйінділерін жасаушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

«Өңір үшін өзекті мәселе – қалдықтарды кәдеге жарату. Барлық туристік маршруттарды контейнерлермен жабдықтап, қоқыстарды уақытылы шығару мен сұрыптауды ұйымдастыру қажет. Бұл маңызды сұрақ. Ішкі істер министрлігіне заңсыз қоқыс үйінділерін жасаушыларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырамын», деп атап өтті Қ.Тоқаев.