• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қазан, 2022

Алматының алмасы әлемге танымал ұлттық брендке айналуы керек - Президент

447 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматының азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматының алмасы әлемге танымал ұлттық брендімізге айналуы керек. Бұл өңір алмадан басқа да түрлі жеміс-жидек өсіретін бау-бақшасымен танымал. Оны дұрыстап дамытса, облыс елімізді жеміс-жидекпен қамтамасыз етумен қатар, оны экспорттай алатыны сөзсіз», деді Президент облыс жұртшылығымен кездесуі барысында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде облыстың азық-түлік белдеуін дамыту - маңызды экономикалық мәселелердің бірі

«Алматы қаласының іргелес тұруы да – қолайлы фактордың бірі. Қазір менің тапсырмам бойынша шаһардың азық-түлік белдеуін дамыту бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл бастама жүзеге асса, облыстың ауыл шаруашылығы тың қарқынмен дамиды», деп түйіндеді.