• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қазан, 2022

Президент қалдық суды кәдеге жаратудың ережесін әзірлеуді тапсырды

201 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы қалдық суды тазартып, кәдеге жаратудың ережесін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінде Үлкен Алматы каналының жағдайы сын көтермейді. Қазір бұл канал 60 мың гектар жерге су жеткізеді. Бірақ іске қосылғаннан бері оған бір де бір күрделі жөндеу жүргізілмеген. Әкімдік Үкіметпен бірлесіп, бұл жұмысты шұғыл қолға алуға тиіс. Су тапшылығы болғандықтан, Сорбұлақтың тазартылған суын пайдалану мәселесі өзекті болып отыр. Қазір Сорбұлақтың суымен 2,7 мың гектар егіс алқабы суарылады. Бұл су қоймасын шамадан тыс толып кетуден сақтайды. Әйтпесе, экологиялық апатқа тап болуымыз мүмкін», деді Президент.

Алайда Мемлекет басшысының айтуынша, мұның бәрі әлі күнге дейін реттелмеген.

«Қалдық суды тазартып, кәдеге жаратудың ережесін әзірлеуді тапсырамын. Сонда суармалы жердің аумағын кеңейтуге мүмкіндік туады», деп атап өтті Президент.