• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Президент 19 Қазан, 2022

Қазақ тілі дамымай жатыр деген ойдан арылуымыз керек - Президент

586 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесуде ана тіліміз - қазақ тілі әрдайым бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әлем халықтарының жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп, озық үрдістерін үйрену үшін тіл білу қажет. Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек», деді Президент.

Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, бүгінде қазақ тіліне негізгі басымдық берілуі керек.

«Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет. Солай болады да деп атап айтқым келеді. Жалпы, біз тіліміз дамымай жатыр деген ойдан арылуымыз керек. Тәуелсіздік кезеңінде оның мәртебесі биіктемесе, төмендеген жоқ. Қаншама ақпарат құралдары хабар таратады. Газет-журналдар, кітаптар шығып жатыр», деп атап өтті Мемлекет басшысы.