• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2022

Екібастұзда кілемге оралған әйелдің өлі денесі табылды

163 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласында көпқабатты үйдің кіреберісінен кілемге оралған әйелдің өлі денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

«17 қазан күні сағат 16.44-те Екібастұз қаласының полициясына «М.Жүсіп көшесі, 68 үйдің жанында кілемнен адамның аяғы көрінеді» деген хабарлама келіп түсті. Келген жедел-тергеу тобы үйдің кіреберісінде кілемге орап тастаған әйелдің мәйітін тапты. Кілемнің жоғары және төменгі жақтарын сыммен байлап тастаған. Әйелдің жансыз денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталды. Полиция әйелдің жеке басын анықтады, ол Екібастұз қаласының 38 жастағы тұрғыны болып шықты», деді Екібастұз қаласы Полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Кісі өлтірді деген күдік бойынша Екібастұз қаласының тұрғыны, 1986 жылы туған ер адам ұсталды. Ол кінәсін мойындады.

Кісі өлтіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.