• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2022

Сайрамда электронды темекі ұрлаған 2 жігіт ұсталды

235 рет
көрсетілді

Сайрам ауданында электронды темекі ұрлаған 2 күдікті анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.

Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен полицейлер шұғыл түрде ұрлық болған жерге барған. Анықталғандай ұрылар дүкенге кіріп, 350 электронды темекі құрылғысын жымқырған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады. Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылар жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларындағы жазбаға қарап, күдікті ретінде екі жергілікті тұрғын ұсталды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.