Грузияның Батуми қаласында садақ атудан ерлер мен әйелдер арасында өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Бірқатар мемлекеттің құралайды көзге атқан мергендерінің қатысуымен өткен жарыста Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетті. Жерлестеріміздің арасынан Бунед Мирзаметов пен Әдел Жексенбинова (құрама садақ) және Ильфат Абдуллин (классикалық садақ) бас жүлдені олжаласа, Санжар Мұсаев (классикалық садақ) күміс медаль иеленді. Сондай-ақ біздің спортшылар командалық бәсекелерде тағы бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерілді.
Қап тауы бөктерінде өткен жарыста барлығы 6 алтын, 1 күміс және 2 қола медальды қоржынға салған мергендеріміз жалпы есепте үздік командалардың қатарына қосылды.