• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Қазан, 2022

Абылайхан АҚШ-та айқасады

159 рет
көрсетілді

Кәсіпқой рингтегі өзінің үшінші жекпе-жегін Абылай­хан Жүсіпов 5 қарашада АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткізеді.

 

Қарағанды облысының Абай қаласында туып-өскен 25 жастағы былғары қолғап шебері бұған дейін әуесқойлар рингінде жасындай жарқылдаған еді. 69 кило салмақ дәрежесінде бақ сынаған ол 2017-2021 жылдары Гамбург, Екатеринбург және Белградта өткен үш бірдей әлем чемпионатында қола медаль иеленді. Ташкентте Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды. Бірнеше рет Қазақстан чемпионатында топ жарып, түрлі халықаралық турнирде жеңіс тұғырына көтерілді. 2020 жылы кәсіпқой рингте күш сынасуға бел буған қандасымыз осы күнге дейін екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Ал жоғарыда айтылған бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақтың ұлы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) жұдырықтасады. Бұл бәсекеде WBA-ның екінші орта салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынады.