Жаяу жүргіншілер өткелінде көлік 16 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Range Rover көлігінің жүргізушісі Тұран даңғылы бойындағы Е-32 көшесі мен E-15 көшесінің қиылысында жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған қызды қағып кетті.
16 жастағы қыз бағдаршам жұмыс істемейтін белгіленген жерде жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан. Дизель-генератор қондырғысының техникалық ақаулары салдарынан бұл қиылыстағы бағдаршамның қуаты өшіп қалғаны анықталды.
Жарақат алған жасөспірім қыз ауруханаға жатқызылды. Бұл мәселе бойынша тергеу жүріп жатыр.