Бүгін таңертең Орал қаласының 41 жастағы тұрғыны өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Әйелдің бұл іске баруына күйеуі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияға белгісіз біреулер хабарласып, әйелдің көпір бойында тұрғанын хабарлаған. Дереу әскер оқиға орнына жіберіліп, мән-жай анықталған.
Алдымен «Орал» БПҚ қызметінің инспекторы Тынымгерей Амангелдиев пен оның серіктесі Нұрсұлтан Жаңабаев жеткен.
Олар көпірден өзін тастамақ болған әйелді көріп, оны қауіпсіз қашықтыққа шығарады.
Әйел барлық мән-жайды анықтау үшін қалалық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Ақпарат видео-нұсқада ІІМ-нің ютуб парақшасында жарияланды.