• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қазан, 2022

Атырауда он бір жастағы қызды көлік қағып кетті

205 рет
көрсетілді

Атырау облысының Құлсары қаласында 11 жастағы қыз көлік астына түсіп, оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 20 қазан күні таңғы уақытта Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған. 1949 жылы туған Toyota Prado көлігінің жүргізушісі 2011 жылы туған қызды қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге мәліметтер Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.