• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қазан, 2022

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды

171 рет
көрсетілді

Алматы облысының Полиция департаментіндегілер 20 қазан сағат 9:50 шамасында Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жүргізуші «Алматы-Алатау» тас жолымен батыс бағытта келе жатқан. Тұздыбастау ауылының маңында алдындағы автокөлікті басып озу маневрін жасау кезінде рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қайтыс болды.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір жүргізуші ұсталып, Талғар ауданы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды», деп жазылған ІІМ жаңалықтар сайтында.