• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2014

Қазақстан үлесі жоғары бағаланды

225 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы VІІ Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік ІІ конференция аясында БҰҰ өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Пре­зиденттің баспасөз қызметі. Президентпен кездесуге БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Гьян Ачарья, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің прези­денті Мартин Сайдик, БҰҰ Бас хат­шы­сының орынбасары – БҰҰ Бас хатшысының  Шығыс Тимор жөніндегі арнаулы кеңес­шісі Ноэлин Хейзер және БҰҰ Сауда және даму жөніндегі кон­фе­ренциясының Бас хатшысы Мукиса Китуи қатысты. Мемлекет басшысы БҰҰ өкіл­деріне Форум жұмысына қатыс­қаны үшін алғыс айтты, сондай-ақ тәуелсіздігінің алғашқы күн­дерінен бастап Қазақстан Ұйымның барлық бағыттағы қызметін белсене қолдап келе жатқанына тоқталды. Қазақстан Президенті Семей ядролық полигоны жабылған күнді БҰҰ ядролық сынаққа қарсы халықаралық іс-әрекет күні деп жариялағанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев біздің еліміз Алматыда БҰҰ-ның өңірлік хабын құруды ұсынғандығына да тоқталып өтті. – Бүгінде Алматыда БҰҰ ұйымдарының, бағдар­лама­ларының, қорлары мен мамандан­ды­рылған мекемелерінің 18 өкіл­дігі қызмет істейді. Осы хаб арқы­лы біз өңірлермен, әсіресе Ауған­стан­мен жұмыс жүргізе алар едік, – деді Мемлекет басшысы. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Г. Ачарья өз кезегінде Ұйымның Бас хатшысы  Пан Ги Мунның VІІ Астана экономикалық форумына табыс тілеген сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, БҰҰ жүйесіндегі түрлі бастамалар мен идеяларды Қазақстанның белсене қолдағаны үшін ризашылығын білдірді. – Сіздердің жаһандық күн тәртібіндегі белсенді көшбасшылық ұстанымдарыңызды әрдайым қолдап келеміз. Біз Қазақстанның ядролық қарусыздану, өркениеттер арасында сұхбаттастық орнату және Азияда өзара сенім жүйесін қалыптастыру тұрғысынан жасаған қадамдарын жоғары бағалаймыз, – деді  Г. Ачарья. Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Еуропа қайта құру және даму банкі, сондай-ақ  Ислам даму банкі тобы арасындағы серіктестік туралы негіздемелік келісімге қол қою рәсіміне қатысты. Осы рәсімнен кейін Қазақстан Президентіне Жаһандық диалог және ынтымақтастық  орталығы­ның 2013 жылғы «Әлеуметтік бизнес-диалогты нығайтуға үлес» номинациясындағы сыйлығы тап­сырылды. Сыйлықты Еуропа Парламентінің мүшесі Марио Давид және Болгарияның экс-президенті Петр Стоянов табыс етті.
Соңғы жаңалықтар