• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қазан, 2022

Екінші кезеңде сүрінді

194 рет
көрсетілді

Теннистен Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан турнирдің ал­ғашқы айналымында Елена Рыба­кина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Каролина Плишкованы ұтқан еді.

 

Бірақ қазақстандық жанкүйерлердің бұл қуанышы ұзаққа созылмады. Екінші кезеңде жерлесіміз Джессика Пегуламен кездесті. 28 жастағы АҚШ теннисшісі әр жылдары Аустралияның ашық біріншілігі, US Open және Ролан Гарростың ширек финалында ойнаған. Қазіргі кезде ол WTA рейтингінде бесінші орында тұр. Бұл кездесу 6:2, 3:6, 6:7 есебімен америкалық ойыншының пайдасына шешілді. Ең өкініштісі, осы сәтсіздіктен кейін Рыбакина WTA-ның Қорытынды турнирінде күш сынасу мүмкіндігінен айы­рылды. Аталған жарыс 31 қазан мен 7 қараша аралығында АҚШ-тың Форт-Уэрт қаласында өтеді деп жоспарлануда. Ал Чилидің Кокимбо қаласындағы турнирде Тимофей Скатов аргентиналық Ни­колас Кикерді 6:4, 1:6, 6:4 есебімен қапы қал­ды­рып, үшінші айналымға өтті.