Таразда қару-жарақ сақталған қойма табылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
«19 қазанда облыс орталығындағы аудандардың бірінде өзен жағасынан қару-жарақ пен оқ-дәрі салынған қап табылды», делінген хабарламада.
Табылған қаптан екі Калашников автоматы, FBI8000 газ тапаншасы, жарық-шуылды граната, автоматтың оқжатарлары, пышақты мылтық, полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қаруларға сот-балистикалық сараптамасы тағайындалды.