Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады. 21 қазаннан бастап қазақстандықтар ведомстводан SMS-хабарламалар алатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомствоның мәліметінше, тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз жүрген азаматтар хабарлама алады. Бұл, ең алдымен, нақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұруға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Бүгінгі күні 10 күннен 1 айға дейін тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз жүрген азаматтарға ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер мерзім бір айдан асса - 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл төленеді.