• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Қазан, 2022

Жаңа Зеландияда шенеуніктерге күрделі лексиканы қолдануға тыйым салынды

239 рет
көрсетілді

Жаңа Зеландия парламенті елдің ресми құжаттарында күрделі лексиканы қолдануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң шенеуніктердің жұртшылықпен кездесуі кезінде түсінікті тілде сөйлеуін талап етеді. 

Мұндай талап заңнамаларды білім деңгейі төмен, мүмкіндігі шектеулі және ағылшын тілінде сөйлемейтін адамдарға да түсінікті етіп жеткізу үшін жасалып отыр. 

«Жаңа Зеландияда тұратын адамдар үкіметтің олардан не талап ететінін және олардың құқықтары қандай екенін түсінуге құқылы», дейді депутат Рейчел Бояк.