Роспотребнадзор ұшақпен келетін шетелдіктерге қойылатын талапты алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
- Ресейге баратын Қазақстан азаматтары тек анкетаны толтырса жеткілікті. Енді COVID-19 сынамасының теріс нәтижесі бар ПТР сертификаты талап етілмейді, - делінген Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің хабарламасында.
Сондай-ақ құжатқа сәйкес, Ресейдің шекарасы арқылы өтетін өткізу пункттерінде коронавирусқа селективті тестілеу жүргізілуі мүмкін.