Бүгін сағат 18:00-де Президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталып, үгіт-насихат жүргізу кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Президенттікке кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйек пен 21 қазан аралығында өтті.
Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бүгін сағат 18:00-де басталды. Бұл науқан 28 күнге созылады.Еске сала кетейік, 12 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.
Кейін «Қазақстан кәсіподақтары достастығы» «Аманат» республикалық қоғамдық ұйымынан Мейрам Қажыкен Президенттікке кандидат болып тіркелді.
17 қазанда ОСК «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаевты тіркеді.
Президенттікке тіркелген төртінші үміткер қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден «Ұлттық кәсіпқойлар альянсы» ҮЕҰ-дан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде ұсынылды.
20 қазанда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Салтанат Тұрсынбекованы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді.
Сол күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан ҚР Президенттігіне кандидат болып Нұрлан Әуесбаев ұсынылды.
Айта кетейік, Президент сайлауы 20 қарашаға белгіленді.