• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Қазан, 2022

Кубок кімге бұйырады?

190 рет
көрсетілді

Футболдан Қазақстан кубогі жо­лын­дағы жарыстың финалына шыққан командалар белгілі болды.

 

Жартылай финал ойындарының қоры­тындысы бойынша «Ақжайық» пен «Орда­басы» Қазақстан кубогін сарапқа салатын болды. Алғашқы ½ финал матчында жасыл алаңға шыққан Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Тараздың» тас-талқанын шығарды – 5:3. Екінші ойында Шымкенттің «Ордабасы» клубы елордада «Астананы» тізе бүктірді. «Астана Аренада» өткен кездесуде қонақтар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайық» пен «Ордабасы» арасындағы Қазақстан OLIMPBET-кубогінің финалы 12 қарашада өтеді. Дегенмен әзірге ойынның қай қалада ұйымдастырылатыны белгісіз. Айта кетейік, Қазақстан кубогінде топ жар­ған команда келесі жылғы Еурокубок ойындарына жолдама алады.