Екібастұзда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам әлі де табылмай жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews порталына сілтеме жасап.
34 жастағы Денис Потиленко 13-қазан күні баласын балабақшаға апарған. Содан бері ұшты-күйлі жоғалған. Жұмысына да бармаған. Іздеушілер оның үйден балабақшаға дейінгі бағытын анықтаған. Сонымен қатар қала тұрғындарынан да сұрастырылып жатыр.
Алайда көрген адам табылмады. Із кесуші иттермен гараждар тексеріліп жатыр.
Бүгін іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанына 10 күннен асты.