• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 26 Қазан, 2022

Ұлттық банк базалық ставканы тағы да көтерді

488 рет
көрсетілді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтеру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2022 жылы Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төрт рет көтерді. Алғашқысы қаңтар айында болды. Ол кезде ставка 10,25%-ға тең еді. Соңғы рет 25 шілдеде 14,5% көтерілді.