• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қазан, 2022

Экс-әкім алаяқтық бабы бойынша сотталды

496 рет
көрсетілді

Ақтөбедегі «Алматы» ауданының бұрынғы әкімі Абат Көбенов қалалық әкімдіктің басшысы болып тұрған кезде жасаған қылмысы үшін үш жылға сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сот Көбеновті кінәлі деп танып, оны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Істі Ақтөбе қаласының №2 соты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қаралды.

«Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдалана отырып, 2020 жылғы сәуір-тамыз айларында өзінің бұрынғы танысы Қ-ға жер телімін алып беремін деп алдап, жалпы сомасы 1 383 915 теңге алғаны анықталды. Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады. Дәлелдемелер расталды», делінген хабарламада.