• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2022

Мемлекет басшысы Ербол Қарашөкеевті қабылдады

149 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы министрін қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Президентке ауыл шаруашылығы саласын дамытудың биылғы 9 айдағы негізгі қорытындылары туралы есеп берілді.

Министрдің айтуынша, жалпы өнім 6,9 пайызға артып, 6,8 триллион теңгеге жеткен. 21,8 миллион тонна дәнді және бұршақты дақылдар жиналған. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Сондай-ақ еліміз тұтынуға қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық негізгі түрі бойынша толық қамтамасыз етілген.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырмаларының орындалу нәтижесі туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, мемлекетке 5 миллион гектардан астам жер мерзімінен бұрын қайтарылды. Бұл жерлер негізінен жайылым тапшылығы мәселелерін шешуге беріледі. Сонымен қатар жүргізілген тексерулердің нәтижесінде жер пайдаланушылар бұған дейін бос жатқан 1,8 миллион гектар жерді игеруге кірісті.

Президентке ветеринария жүйесін реформалау үшін қабылданған кешенді шаралар туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы аграрлық секторды цифрландыру және субсидиялау механизмін жетілдіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын күшейту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.