• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2022

Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысымен кездесті

263 рет
көрсетілді

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Суйунбек Касмамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту, өзара ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелері талқыланды.

Ерлан Қарин соңғы жылдары екі елдің көптеген мәдени және ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асырып жатқанын айтты. Мұның барлығы қазақ-қырғыз қарым-қатынастарының ерекше сипатын және біздің Қырғызстанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті екенімізді көрсететінін жеткізді.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси реформалардың мәні мен маңызына тоқталды. Оның ішінде, Конституциялық реформалардың ерекшелігі, республикалық референдум қорытындылары, алдағы сайлаулардың мазмұны жайында атап өтті.

Суйунбек Касмамбетов Қырғызстан тарапы Қазақстанда атқарылып жатқан саяси реформаларды жоғары бағалайтынын және олардың сәтті жүзеге асуына тілектес екендерін жеткізген.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары көршілес елде кең көлемде аталып өткенін айтты. Бұдан бөлек биыл қазақ-қырғыз өнерпаздарының қатысуымен 19 ірі іс-шара ұйымдастырылып, екі елдің мәдени байланысының нығая түскенін атап өтті.